Өтемақының орны қайырымдылықпен тола ма?

07.07.2020, 14:32

9

Жуырда Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде алапатөрт шықты. Айналдырған екі сағатта тілсіз жау 2000-нан астам шаршы метр аумақтыкүлге айналдырды.

Қазалы – өңірдің солтүстігіндегі экономикасы мықты,кәсіпкерлігі жақсы дамыған аудан. Сауда-саттыққарқынды дамығандықтан, өңір жұртшылығы оны «екінші Түркістан» деп атап кеткен.

Мұнда бір-бірімен іргелесіп салынған сауда үйлері көп.Сондықтан болар, тілсіз жау үш сауда үйін лезде жалмаған. Өрт оқиғасына жақын орналасқанқосқабатты «Тұмар», «Бурай» сауда үйлері және «Ару-Илия», «К-Мусаев» базарларынажалынның таралуына төтеншеліктер жол бермеген.

Осы сауда үйлерінің жойылуына орай, бір мезетте 150-денастам кәсіпкер жұмыссыз қалды. Енді несиелері мен балаларын қалай асыраймыздеген қазалылықтар мәселеге жоғарғы биліктің араласып, қандай да бір өтемақыберілсе екен деп, көмек сұрап отыр. «Жапа шегіп отырмыз. Төтенше жағдай дептанып, шығынымызды өтесе. Кредитімізді кешірсе. Осы тұрғанда нөл боп қалдық», –дейді кәсіпкер Закида Ибадулла.

Көз алдарында заттарынан айырылған кәсіпкерлер «мұныңалдын алуға болар еді» дейді. Өйткені оқиға орнына келген төтеншеліктер өрттіарықтағы сумен өшіріпті. «Өрт сөндірушілерге өкпеміз қара қазандай. Келген пожарныйдыңсуы да жоқ. Кейіннен әкелді, барлығы жанып болғаннан кейін  не пайдасы бар? Арнайы техникалары мен суларытолық болғанда 2000 шаршы метр аумақ өртенбес еді», – дейді енді бір күйінгенкәсіпкер Зейнегүл Қожаева.

Ал арнайы қызмет мамандары тілсіз жауды тоқтату үшінарықтан су алғандарын мойындады. «Алмасқа болмады, себебі базар аумағындағы өртсөндіру гидранттарында «рабочий қысымдағы» су болмады. Арықтан су алдық. Ендіне істейміз?» – дейді Қазалы аудандық №9 өрт сөндіру бөлімі басшысының міндетінатқарушы Азамат Жұмағұлов.

Саудасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер «жергілікті билікмиллиондап шығынға батқандарға көмек береміз деген, алайда әлі еш қимыл жоқ»дейді.

«Мен бүгін таң атқанша көз ілген жоқпын. Жылап-жылап біз де болдық. «Тастүскен жеріне ауыр» деп жылап отырсақ, баламыз: «Анашым, базар өртеніп кетті ме,енді кредитті қалай төлейсің?» дейді. Бәріміз, 150-ден аса кәсіпкер,  осы ауданның бюджетіне салық төлеп отырдық.Бір әкімнің атынан есепшот ашса да, бір адам 200 теңгеден салса да, осыҚазалыдан сол есепшотқа түскен ақшаны тізім бар, зардап шеккендерге бөліпберсе, бізге үлкен көмек болар еді», – дейді кәсіпкер Гүлшара Темір.

Мұндай уәжге жауап берген Қазалы аудандық кәсіпкерлік,туризм және өндіріс бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов былай деді: «Ауданда арнайы «Қазалы игілік қоры»арқылы қайырымдылық қаржы жиналып жатыр. Мемлекеттік қызметшілерден бастап,көптеген мекемелер мен кәсіпорындар біркүндік жалақыларын аударды. Ауданымыздағыбелді кәсіпкерлер де көмек қолын созуда. Жуырда облыстық кәсіпкерлік жәнетуризм басқармасында өткен жиналыста кәсіпкерлердің несиесін алты айға дейіншегеру жөнінде банк басшыларымен келісім жасалынды. Қор қаржысына иелік ететінкомиссия кәсіпкерлердің өздерінен құралған. Оған әкімдік қызметкерлеріқосылмайды. Біз барша қайырымды халыққа үгіт жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Сауда орындары әкімшілік балансындағы мүлік болса, оған әкімдік тарапынан арнайықаржы болар еді. Өкінішке қарай, отқа оранған сауда орындары жекеменшіктегінысандар болғандықтан, біз өз тарапымыздан қолымыздан келер көмекті аямаймыз»,– деді бөлім басшысы.

Алайда бір мезетте барынан айырылған кәсіпкерлерге биліктарапынан ауқымды өтемақы ретінде көмек болмаса, жұрттан жиналған жылу тартқаншығынның орнын толтыра ала ма деген сұрақ маза берер емес.


Нұрбек САҒАТҰЛЫ

Қызылорда облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39