Ауғанстанда саясаткер әйел қарулы шабуыл кезінде жарақат алды

07.07.2020, 21:34

5

6 шілде күні Ауғанстанның Логар дейтін аймағында саясаткер әйел мен оның көлік жүргізушісі қарулы шабуыл кезінде жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Логар полициясының баспасөз қызметкері Шахпур Ахмадзайдың сөзінше, аймақ кеңесінің мүшесі Нафиса Хиджран (ханым) отырған көлікке шабуыл Логар аймағының астанасы Пули-Аламда жасалған.

Баспасөз хатшысы Хиджранның хәлі тұрақты екенін, емделу үшін Кабулге жіберілгенін айтты.

Полиция тергеудің басталғанын, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Әзірге қастандық үшін ешкім жауапкершілік алмады. Ауғанстанда, әсіресе орталықтан алыс аймақтарда содырлар үйінен тыс жұмыс істейтін әйелдерге жиі шабуылдайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34