07.07.2020, 08:49
120
Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Саналы ғұмырын қазақруханиятының, қазақ журналистикасының дамуына арнаған танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті. Қаламы жүйрік, сөзі өткір, елдің мұңын мұңдап, жоғынжоқтаған журналист қай тақырыпты қаузап жазса да, айтар ойы халықпен үндесболды. Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Жолдасбек Дуанабай досқа адал,кішіге қамқор болған азаматтық болмысы бір төбе еді. Елдің жайын үнемі електенөткізіп отыратын ол бар ғұмырынжурналистикаға арнады.
Жолдасбек Дуанабай бірнеше жылқазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірді. Республикалық «Айқын», «Жас қазақ»газеттерінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолын «Лениншілжастан» бастаған ол соңғы алты айда «Жас Алаш» газетінде жауапты хатшы қызметінатқарды.
Қай жұмысты да жауапкершілікпенатқара жүріп, шығармашылық ізденістерін ешқашан тоқтатқан емес. Қарымдықаламгердің басылым беттерінде жүргізген арнайы айдарларын оқырман жылықабылдап, оның еңбегі мемлекет тарапынан ескеріліп, арнайы марапаттарға да ие болды.
Жолдасбек Дуанабайдың елтәуелсіздігін жариялап, кем-кетігін түгендей бастағанда тілімізді, мәдениетімізбен өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, насихаттауға қаламының күшімен-ақкөп еңбек сіңіргенін жадымыздан шығармаймыз. «Қазақ журналистикасының ардагері»деген атқа лайықты әріптесіміздің бақилық болғаны ауыр қаза болды.
Абзал аға, аяулы әріптесіміздің қайтысболуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қабырғамыз қайысыпкөңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, қазақжурналистикасының қара нары…
«Жас Алаш» газетінің ұжымы
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР