Шымкент әкімі 9 дәрігердің пневмониядан көз жұмғанын растады. 569 медқызметкер вирус жұқтырған

08.07.2020, 18:29

31

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 8 шілдеде өткен брифингте қалада 9 дәрігердің пневмониядан қайтыс болғанын растады.

9 дәрігердің көз жұмғаны жайлы 7 шілдеде әлеуметтік желіде ақпарат тараған.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, көз жұмған медицина қызметкерлерінің арасында хирург, гинеколог, УЗИ маманы, лаборант болған. Олар 2020 жылдың 3 маусым мен 7 маусым аралығында қайтыс болған.

Ал әкім Әйтенов 8 шілдедегі брифингте қалада 569 медқызметкерге (143 дәрігер, 258 медбике) вирус жұққанын да айтты.

Әкім қазір коронавируспен күреске қаладағы медициналық академияның 84 қызметкері мен медициналық колледждің 116 түлегі жұмылғанын да жеткізді.

Ресми мәліметке сай, 1 маусымнан бері Шымкентте алты мыңнан астам адам пневмонияға шалдығып, ауруханаға түскен. ЖРВИ-мен ауырғандар 12 мыңға жуықтаған. Алпыс мыңнан астам адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген.

Қала әкімінің баспасөз қызметі Азаттықтың «Шымкентте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?» деген сұрағына «пневмониядан қанша адам қайтыс болғаны белгісіз, тұрғындардың неден қайтыс болғаны арнайы сараптама қорытындысынан соң айтылады» деді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 3596 адамға жетті. Олардың 2097-і емделіп шықты, коронавирустан 18 адам қайтыс болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42