Тоқаев Қазақстан медицинасы пандемияға дайын болмағанын мойындады. Елде 13 шілде - қаралы күн

09.07.2020, 00:29

10

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде 13 шілдені коронавирус құрбандарын еске алу үшін елде ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Телеүндеу кезінде ол "Қазақстан денсаулық саласы пандемияға дайын болмады" деп мойындап, тергеу жүргізілетінін, әкімдердің жұмысы тексерілетінін айтты.

«Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз» деді ол.

Тоқаев «бұрынғы денсаулық сақтау министрінің қателігінен, жұрттың сақтық шараларын сақтамағандығынан коронавирус жұқтырғандар саны өсті» деп санайды.

Қазақстанда 51 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 264 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі елде вирус жұқтырғандар ресми деректен көп болуы мүмкін деп мәлімдеген.

Қазақстанда мыңдаған адам пневмониямен де ауырып жатыр. Бұл дерттен көз жұмғандардың да саны аз емес. Алматыдағы мәйітханалар алдында да жақындарының сүйегін алуға келгендердің қарасы көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияға шалдыққандардың біразынан коронавирус табылмағанын айтқанымен, олардың COVID-19 дертінің хаттамасымен емдеп жатыр.

Елде ауруханаларда орын тапшы, дәріханаларда дәрі жоқ. Өткен айда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен кетіп, оның орнына Алексей Цой тағайындалған. Біртановтың қызметінен кетуіне оның коронавирус жұқтырғаны себеп деп айтылған еді.

Жаңадан тағайындалған министр Цой 2 шілдеде «елдің барлық дәріханаларына дәрілер жеткізіледі» дегенімен, елде дәрі-дәрмек таппай жүргендердің шағымы әлі көп.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39