Бас дәрігер қызметінен босатылды

09.07.2020, 07:01

37

 Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасына қарасты емхананыңрентген-лаборант маманы Фарида Жанбатырованың коронавирус кеселімен күрестегіеңбектері үшін үкімет есебімен белгіленген үстемеақының белгілі бір бөлігінбасшылық тарап қайтарып беруін талап етіп жатқанын айтып,президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына видеоүндеужолдағанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл мәселе бойынша арнайы құрылған тексерукомиссиясының қорытындысына сәйкес, аталған медицина мекемесінің бас дәрігерімен орынбасары қызметтерінен босатылатын болды. 

Бұл жөнінде Жамбылоблысы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты. «Әлеуметтікжелілерде жарияланған Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкеріФарида Жанбатырованың үндеуі бойынша ішкі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімініңтапсырмасы бойынша арнайы комиссия жіберілді. Комиссия құрамына денсаулықсақтау басқармасының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғам өкілдеріенді. Комиссия мүшелері медицина қызметкерлерімен, медициналық мекеме ұжымыменжеке кездесулер өткізіп, сондай-ақ анонимді сауалнама жүргізді.

     Комиссияныңалдына айтылған барлық фактілерді объективті және бейтарап түрде анықтау,емдеу мекемесі қызметкерлері құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша нақтышаралар қабылдау міндеті қойылды. Қызметтік тексерістің алдын ала нәтижелерібойынша Ф.Жанбатырованың кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсызморальдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған ең алдымен емдеумекемесі басшылығы тарапынан өзінің кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауы әсереткен. Жіберілген ереже бұзушылықтар үшін аталған аудандық аурухананың басдәрігері Б.Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А.Байтөреевқызметінен босатылатын болды. Сондай-ақ Жуалы ауданының әкімі Н.Ергебековкесөгіс жарияланады. Істің барлық материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.Ал  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының жауапкершілігікарантин режимі аяқталғаннан кейін қаралады», – делінген әкімдік таратқанхабарламада.

     Соңғы күндеріЖамбылда басшыларының заңға қайшы әрекеттерін қорықпай әшкерелеушілердің қатарыкөбейіп келеді. Бұл ретте олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтікжелілер арқылы видеоүндеу жолдау тәсілін қолдануда. Бұған өз кезегінде жергіліктіәкімдік тарапынан да даулы мәселеге бірден көңіл бөлініп, кінәлілердің тиісіншежазаларын алып жатқаны адамдарға сенім ұялатып жатқан болар, бәлкім.  

НұрболатӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57