09.07.2020, 07:05
122
Бәріміз дәрі іздеп сенделіп кеттік. Басқасын айтпағанда,қарапайым аспирин, парацетамол жоқ. Біраз күннен бері дәріханалар алдындаұзын-сонар кезек. Дәрі қайда?
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісіменайналысатын «Зерде-Фито» ЖШС, Шымкенттегі «Химфарм» АҚ (Santo Member ofPolpharma Group сауда маркасы); «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Kelun-KazPharm»ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, «Аврора» ЖШС,«Cheminnova Alimor Kazpharm», «Rapid-Alimor Pharm Industries» ЖШС, «Dosfarm» ЖШСсекілді ірілі-ұсақты фабрикалар жұмыс істейді екен. Алайда соншама қаптаған отандықфармацевтер дәрі-дәрмекке деген сұранысты неге қамтамасыз етпей отыр? Соңғыкүндері дәріханаларда парацетамол тапшыбоп кетті. Бұл жағдайға кім жауап береді?
Мемлекет басшысы халықты сабыр сақтап,үрейге берілмеуге шақырып-ақ жатыр. Бірақ Қазақстанды дәрі-дәрмекпен қамтамасызететін дәрілік препараттар сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор«СК-Фармация» компаниясы неге үнсіз отыр? Жағдайға жауап беретін біреу бар ма,өзі? Жоқ әлде «күл болмаса, бүл болсынның» керін келтіріп отыр ма?!
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР