Жалғыз өзі сотталды

09.07.2020, 07:22

40

ҚР жоғарғы сотының төрағасы  Жақып Асанов және бас прокурор

 Ғизат Нұрдәулетовтің назарына  

 Ата заңымыз – Конституцияның 1-бабында«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде  орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» десе, 14-бабында «заң менсот алдында жұрттың бәрі тең» дейді. Алайда осы Ата заңымызда көрсетілгенталаптарды Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының заң органдары, облыстық заңоргандарының жауапты  қызметкерлері аяққатаптауда. Олай деуіме мынадай себеп  бар.Аудандық сот төрағасы Бабырхан Абуев, прокуратура қызметкері Айнұр Кененбаева,Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Қордайаймағы бойынша тергеушісі Нұржан Байтанаев Мойынқұм ауданындағы білім бөліміндеорын алған өрескел заңсыздықтарға тосқауыл қоюдың орнына олармен сыбайластыққабарып, жазықсыз жандарды құрбандыққа шалып отыр. Бұл әділетсіздікті көріп,  өмірден түңіліп, заң органдарына дегенсенімімізді жоғалтып отырған жайымыз бар.

     Мәселенің мән-жайына келетін болсақ, олмынадай: 2019 жылдың басында Шу ауданы білім бөлімінде мемлекеттік қаржыны жымқыру  орын алуына байланысты біздің ауданның білім бөлімін аудан прокуратурасының қызметкеріАйнұр Кененбаева тексеріп, мұнда  да 37миллионнан астам  бюджет қаржысыныңжымқырылғанын  анықтайды. Сол кезде білімбөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар, бас есепшісі Наушабекова Айнұр,  сектор меңгерушісі Смағұлова Шария жәнепрокуратура қызметкері А.Кененбаева қылмыстық схема құрып, «жымқыруды анықтағанбілім бөлімінің өзі» деп айтамыз» деп келісіп, бұрыннан арам ойларын іске асыруүшін құрбандыққа дайындап қойған, еш өкілеттігі жоқ, колледж бітіріп,жұмысқа  қатардағы есепші болып жаңаданорналасқан, еш тәжірибесі жоқ, 1994 жылы туған қызым Динара Ерсұлтанға баркінәні аударды. Бөлімнің бас есепшісі А.Наушабекова барлық есепшілерді жинапалып, «жымқыруды прокуратура тапқанын ешкімге айтпайсыңдар, айтсаңдар бәріңніңтүбіңе жетемін» деп қорқытады. А.Кененбаеваның ақылымен  білім бөлімінің басшысы  Ж.Жазықбаев «жымқырылған 37 миллион теңгеніД.Ерсұлтан жалғыз өзі ұрлады» деп, азаматтық іс ретінде қарап,  шешіп беруді сұрап аудандық сотқа талап арызбереді.

       Мемлекеттің қомақты қаржысы жымқырылыпотырса да, мұнда қылмыстың белгілері бола тұрса да, Мойынқұм ауданының соты олісті өндіріске алып, судья Бағлан Далибаев 2019 жылдың ақпан айында азаматтық іс ретінде қараған. Сотқа қадағалаушы жағынан тағы дапрокуратура қызметкері А.Кененбаева қатысты, ал талапкер жағынан  айлық жалақыны білім бөлімінен алатын, алнегізгі жұмыс орны прокуратурада отыратын Иса Рауан деген қатысты. Бұл кездебілім бөлімінің басшылары менің қызым Д.Ерсұлтанды майлы ішекше айналдырып,«кінәні мойныңа ал, әйтпесе групповой кетеміз, біз қаржының бәрін орнынақоямыз  да, сені босатып аламыз» депалдауға түсіріп, азаматтық іс қаралған сотта оны мойындауға мәжбүрлейді.

   Осы процеске қатысып отырған прокуратурақызметкері  де, судья да мемлекет қаржысыұрланып жатқанын көре  тұра, оныазаматтық іс деп қарағанын  қалайтүсінуге  болады? Сауаттары жоқ па, әлдебілім бөлімімен сыбайлас болғандықтан ба? 2019 жылдың 14 наурызындағы соттыңекінші отырысында Д.Ерсұлтанның мүддесін қорғау үшін қатысқан қорғаушыШ.Бейсенов осы заңсыздықтың куәсі болып айқай шығарғаннан кейін  ғана судья Б.Далибаев азаматтық істітоқтатуға мәжбүр болды. Судьяның неге сондай қадамға барғанын түсінбедік,мүмкін, оның әйелі сол білім бөлімінде заңгер болып жұмыс істегеннен кейін бе?

      Осыоқиғадан кейін  білім бөлімінің бастығыөздерін қылмыстық істен құтқару үшін «қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегендей,  жалған тексеру ұйымдастырып, «қылмысты өзімізаштық» деген сылтаумен Қордай аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл бөлімшесіне  Д.Ерсұлтанныңүстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде арыз береді. Осы мекеменің  тергеушісі Нұржан Байтанаев болса сотқадейінгі тергеу жұмысын атүсті, біржақты жүргізіп, мемлекеттік мекеменіңесеп-қисап жұмысын мемлекеттік мекеменің аудитына емес, жеке кәсіпкерге (ИПК.Еримбетов) тексертіп, қазыналық банктегі мәліметтерді өзгерткізіп, жалғандәлелге негізделген айыптау актісін прокуратураның қолдауымен 2019 жылдың шілдеайында аудандық сотқа өткізеді.

    Тергеу білім бөлімінің бастығыЖ.Жазықбаевтың, бас есепшісі А.Наушабекованың, сектор меңгерушісі Ш.Смағұлованың  нақты дәлелсіз айтылған ауызша айыптауларыбойынша ешбір зерделенбей жүргізіліп, барлық қаржыны Д.Ерсұлтан жалғыз өзіжымқырды деп қорытқан. Нәтижесінде Д.Ерсұлтанға Қылмыстық кодекстің 190-бабының4-пункті 2-тармағы бойынша аса ірі мөлшерде алаяқтықпен мемлекет қаржысынжымқырды деп іс қозғады. Сонда кеше ғана колледж бітіріп келген қаршадай қызазуы алты қарыс, 20 жыл бас есепші болып отырған (еңбек сіңірген есепші дегенатағы бар) А.Наушабекованы, Ш.Смағұлованы қалай алдайды? Алаяқтық жасап олардыңкомпьютеріне кірді ме, электронды кілтін ұрлады ма? Функционалды міндеттерібойынша бюджеттегі қаржының заңды жұмсалуын қадағалап отыруы тиіс болса да,өздерінің ұйымдасып жасаған қылмыстарын жасыру үшін қызым Д.Ерсұлтанды айыптап отыр. Ал үш рет жасалған сот сараптамасы (ең соңғысы 2020 жылдың24 қаңтарында жасалған, №1522) қызым Д.Ерсұлтанның қолымен жасалған тізімдегісомалардың дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Сараптама «бас есепшісіз ешқандайқаржының аударылуы мүмкін емес, заңсыз аударылымдар қосымша қаржыландырукөзінен  болған» деп, тайға таңбабасқандай көрсетіп отырса да,  сот оныәдейі көрмей отыр.

    Осы жерде артық аударылымдар қызым жасағантізімге  бас есепші А.Наушабекова менсектор меңгерушісі Ш.Смағұлованың алдын ала сөз байласқан 10 мұғалімнің айлықжалақысына қосымша қаржыландырудан (ішінде оқу ісінің, шаруашылық меңгерушілері бар) қосымша өзгерістер енгізуі арқылы болғаны айдан анық болып тұр емес пе? Осыныңбәрін көре тұра, тергеу де, прокурор да, сот та көрмеген болып, қызымның жалғызөзін  бас бостандығынан бес жылға айырып жәнебарлық қаржыны өндіру жөнінде заңсыз шешім шығарды. Мемлекеттік сот сараптамасынегізге алынбаса, басқа адамдардың ауызша айтқан айыптауларын негізге алатынболса, сот сараптамасының қажеті не?

      Қызым Д.Ерсұлтан қаржыны қалай жымқырады?Ешқандай ақылға сыймайды. Қазір баяғы заман емес, қаржы басшының қолындағыэлектронды цифрлы қолтаңбалы кілтпен аударылмай ма? Қаржы министрінің 2010 жылғы3 тамыздағы №393 бұйрығында бөлім басшылары, бас есепшілер ешкімге сенім артаалмайтыны, аударым құжаттарын  растауалдында тексерулері міндетті екені туралы қағидаттар бекітілген. Осы қағидаттыарам пиғылмен сақтамаған бас есепші А.Наушабекова мен сектор меңгерушісіШ.Смағұлова қалай жауапқа тартылмаған? Олар кеше ғана колледж бітірген жасқызға қалай алданып, қалай сенеді? Олар қызымның жастығын, тәжірибесіздігін,өзіне тікелей басшылардың айтқанын бұлжытпай орындайтынын біліп, зымияндықпентеріс пайдаланып, 10 мұғалімге артық аударылған ақшаны  қызымның кәртішкесіне кері аудартып,  оны сектор меңгерушісі алып отырған. Қызымбіреудің аударған ақшасын кері  қайтарыпбергені үшін қылмыскер болып отыр ма? Қылмыстық кодекстің 23-бабындакөрсетілгендей, ол кінәсіздікпен білмеген. Сот сараптамасы дәлелдеген «заңсызаударылымдар қосымша қаржыландыру көздерінен» деген тұжырымға келсек, қарапайымесепші, менің қызым білім бөліміне қосымша қаржы сұрап аудан әкіміне, экономикабөліміне, аудандық мәслихатқа бара ала ма? Соны білім бөлімінің шотына түсіріп,ол қаржыны 10 мұғалімге аударды деген ақылға сыя ма?

      Ақ-қараныайырып, нағыз қылмыскерді жазалайтын шығар деп үміттенген ауданның заңоргандарының білім бөлімімен сыбайластыққа барып, заңды белінен басып отырғанықызымның жанын күйзелтіп, ішіндегі алғашқы сәбиі өлі туды, өзіне бірнеше ретқол жұмсауға баруы жүрегімізді қан жылатты.

    Тергеу объективті болса, бір рет бас есепшімен сектор меңгерушісінен  неге жылдарбойы бір мезгіл жыл басында бекітілген сомадан артық қаржы  жұмсалып жатқанын тексермедіңдер депсұрамаған? Айып тағылып отырған кезеңде облыстық қаржы-бақылау басқармасынан үшрет кешенді тексеру болған, сонда олар осы қомақты қаржының жымқырылуын қалайбайқамаған? Әрине, бас есепші мен сектор меңгерушісінің жымқыруды айламенжасырғанынан болар.

    Сот төрағасы мен прокуратураның білімбөлімімен сыбайлас деуге нақты дәлел – сот процесі жүріп жатқан кезде соттөрағасы Б.Абуев тергеу өткізген бар құжаттарды (заттай айғақтарды) айыпталушыжақ толық таныспай жатып білім бөліміне беріп жібергені. Бұл деген Қылмыстықпроцессуалдық кодекстің 118-бабын өрескел бұзу емес пе? Нәтижесінде білімбөлімінің есепшілері құжаттағы цифрларды түзетіп, Д.Ерсұлтанның сыртынанбірнеше құжатқа қол қойып, кейбір парақтары жұлынып,  ішінен 47 папка жоқ болып шыққан. Бұл дегеннағыз қылмыс емес пе? Қорғаушылардың «айғақтарды неге білім бөліміне бересіз»деген сұрағына сот төрағасы Б.Абуев «мен сақтауға бердім» дейді! Масқара! (Дәлелбар.)

     Сонда арнайы өкілеттігі бар білімбөлімінің басшысы, бас есепшісі, сектор меңгерушілері қолдарында цифрлыкілттері бола тұра, неге жауапкершілікке тартылмайды? Аудандық сот пенпрокуратура істі тек Д.Ерсұлтанның төңірегінде ғана қарап, олардың мүддесіннеге қорғап отыр деген заңды сұрақ туады. Осы уақытқа дейін бас есепшіА.Наушабекова, сектор меңгерушісі Ш.Смағұлова (жиынтық тізімді компьютергеенгізеді, қалай артық аударымды көрмейді?) ешқандай жауапкершілікке, ең болмасасалғырттық немесе әрекетсіздікке тартылмаған. Нағыз қылмыскер осы екеуі емеспе? Өздерінің салғырттығы мен әрекетсіздіктері үшін жауапқа тартылмай ма? Оларештеңе болмағандай ойнап-күліп жүр. Әрине, ақшалары көп болған соң солай ғой. Қазірбұлар аудандағы ең бай адамдар.

  Осы Д.Ерсұлтанды айыптау ісінің шеңберінде бас есепші А.Наушабековаға2019 жылдың сәуір айында мемлекеттің 1 миллион 441 мыңнан астам қаржысынақшалай жеке бас пайдасына жаратқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, аудан әкіміаппаратының өкілімен татуласуына байланысты ақталмайтын негізбен қысқартылған.Олай болса, мемлекет қаржысын өзінің бас пайдасына  жаратып, қылмыскер болып отырғанА.Наушабекова сотта айыптау жағынан бас куә болып әлі күнге дейін қызметтеотыруын  қалай түсінеміз?

  Ал басында әңгіме болған Шу ауданына келетін болсақ, оның ісін жүргізіпжатқан тергеуші өте сауатты, заң аясында жүргізіп жатқан сияқты. Себебі ондабілім бөлімінің меңгерушісі, бас  есепші,бас-аяғы 13 адам жауапқа тартылып жатыр деп естиміз. Бұл шындыққа келеді. Албіздің ауданның соты ақша аударуға мүмкіндігі жоқ, тек қатардағы жай есепшіжалғыз өзі 33 миллион теңгені жымқырды деп отыр. Логика қайда?! ҚазақстанРеспубликасының заңдарын әр тергеуші әртүрлі, әр прокурор әртүрлі, әр сот әртүрліталқылап пайдалана  ма?

    Бірінші кезеңде қылмыстықбелгілері бар істі азаматтық іс деп, сот қарап жатқанда прокуратура қызметкеріАйнұр Кененбаева неге тоқтатпаған? Сауатсыздығы ма, жоқ әлде бас есепшіментуыстық қатынасы болып (жаңабай руы) сыбайлас болғандықтан ба, әлде басқа дажағдаймен істі соның пайдасына шешіп бергісі келгендіктен бе? Ал қылмыстық ісбойынша сот процесіне қатысып отырған прокуратура қызметкері Шыңғыс Наурызбаев  А.Наушабекованың 1 млн 441 мың теңгені баспайдасына жаратқанын біле тұра, қылмыстық іс  қысқартылғанымен,ақталмайтын негізде болған соң, А.Наушабекова қылмыскер болып тұр ғой, аудандықбілім бөлімінде бүкіл қаржының дұрыс жұмсалуын бақылауы тиіс адам өзі қаржыұрлап отырғанда қалай қызметте қалады? Неге шара қолданбаған? Сот та қасақанамән бермеген. Сұрақ көп, жауап жоқ. Осы заңсыз әрекеттер жөнінде облыстықсотқа, облыстық прокуратураға, облыстық сыбайластыққа қарсы іс-қимылбасқармасына  шағымданғанмен, еш нәтижеболмай тұр.

   Осындай сауатсыз  немесе құлқынның құлы болып сыбайластыққабарып, ақшасы көптің кетпенін шауып, қолдап жүрген прокуратура, сот, басқа дазаң органдарына тамыр-таныс арқылы кездейсоқ орналасқан арам ойлы  мемлекеттік қызметкерлерге  адам тағдырын шешетін органдарда орын болмауытиіс деп ойлаймын. Мұндай адамдар мемлекет қауіпсіздігінің жегіқұрты. Бұлармемлекетімізді іштен әлсірететін оңбағандар емес пе? Осындай оңбағандардыңкесірінен бар кінә  менің қаршадай қызымаарттырылып,  бес жылға сотталып,болашағына балта шабылып отыр. Құлқынның құлы болғандардың кесірінен  басқа да жазықсыз сотталғандар  аз емес.

    Осы әділетсіздікке жаным күйіп,президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға екі рет әлеуметтік желі арқылы үндеужариялауға мәжбүр болдым. Ол кісіге жетті ме, жетпеді ме, білмедім. Жетсе менсияқты көпбалалы ананың жанайқайына бір қайыры тиер деп үміттенемін.

 Тергеу кезінде қызым Д.Ерсұлтанғанақты дәлелдемесіз тағылған айыптарды заң аясында зерделемей, негізсіз үкімшығаруға ықпал еткен жоғарыдағыдай сыбайластық көрсетіп, Қазақстан халқыныңКонституцияға сай қорғалатынына күмән келтіруіне өздерінің лас әрекеттеріменкір келтіріп отырған Мойынқұм ауданының прокуратура қызметкерлері Айнұр Кененбаева,Шыңғыс Наурызбаев, соттар Абуев Бабырхан, Далибаев Бағланның заңсызәрекеттеріне әділ баға беруді жоғарғы сот пен бас прокуратура басшыларынансұранамын. Білім бөліміндегі нағыз қылмыскерлердің жауапқа тартылып, тиістіжазаларын алуына ықпал етеді деп, сіздерге сенуден басқа амалым жоқ.

Ақбота ТӨЛЕГЕНОВА,

   көпбалалы ана

  Мойынқұмауданы

 Жамбылоблысы






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26