Дәрі тапшылығына алыпсатарлар кінәлі

09.07.2020, 13:39

11

Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінеалыпсатарлар кінәлі. Үкімет дәл қазір сұранысқа ие препараттардың ақшағақұныққан саудагерлердің қолына өтіп кеткенін мойындап отыр. Өткен аптадавице-премьер Ералы Тоғжанов президент тапсырма бергеннен кейін Шымкенттедәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатып жүргендердің ұсталғанын мәлім еткен еді. Президент тапсырмасын орындауды одан әрі құзырлыоргандар жалғастырып жатыр.

Шымкентқаласының полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріханақызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаражүргізді. Әлімқұлов көшесіндегі үш қойманытексерген тәртіп сақшылары біраз былық-шылықты әшкерелепті. Ғимарат  иесідәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандарбұл лицензия басқа ғимаратқа арналғанын, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсызсақталғанын анықтады. Фармацевтер қоймадағы  дәрі-дәрмекті үш топқа бөліп, әрбірдәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Олардыңбір тобы Қазақстан аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген «Конвулекс»,«Энцефобол» және тағы басқа да препараттар. Сонда республика аумағында сатуғарұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер мұнда қайдан келген?

Қоймадансондай-ақ «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» сияқтыреспираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие дәрілер детабылған. Одан бөлек, тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетіндәрі-дәрмектер де бар екені анықталды. Осылардың бәріШымкенттегі дәрі-дәрмек айналымының бақылаудан шығып кеткенін, бұл кәсіптің аржағында көлеңкелі бизнестің қанат жайып келгенін көрсетеді.

Арнайықұрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың50-ден астам жағдайы  тіркелген. Барлықанықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болды.

Осыаптада Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріменбірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады. Тексерукезінде ірі дәріханалар жүйесі бар «Зерде», «Ақ ниет» компанияларының көтермеқоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және тиеу кестесібойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді. «Бүгінде қалададәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықтытөмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы,  27 түрлі 123 050қорап антибиотиктер, төрт атаудан тұратын 42 253 қорап С витаминініңпрепараттары бар. Қазір үлкен көлемде дәрілер келді, осы аптада дәріханаларғатаратылады», – деді қала әкімі.

«Ақ ниет» ЖШС директоры Ержан Ниязалиев келгендәрілер қаладағы 52 дәріханаға таратылатынын, оның ішінде «Дексеметазон»,«Дексан», «Клексан» препараттары да бар екенін мәлім етті. «Дәрі-дәрмектердідәрігердің рецепті бойынша ғана алуға болады және бұл талапты дәріхана даорындауы тиіс», – деді Е.Ниязалиев.

Ал «Зерде» ЖШС қоймасына алты жүк көлігімендәрі-дәрмек әкелінген. Қала басшысы 20-ға жуық дәріхананы аралап, халықтыңарыз-шағымымен жеке танысты. Сондай-ақ дәріхана сатушыларына дәрі-дәрмек жоқболған жағдайда оны басқа сауда атауымен алуға болатынын түсіндірудітапсырды.  Мысалы, парацетамолдың панадол сияқтыбалаларға арналған сироп түрі бары айтылды.

Соныменқатар қала әкімі дәрі жетіспеушілігінің екі себебін атап өтті. Біріалыпсатарлық болса, екіншісі – халықтың үлкен көлемде дәріні артығымен сатыпалуы.

Шымкентқалалық әкімдігінің таратқан мәліметі бойынша, «Рұқсаттар менхабарламалар туралы» заңға сәйкес, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудалау фармацевтік қызметтіңлицензиялық түрі болып табылады. Аталған кәсіпкерліктің бұл түрін лицензиясызжүзеге асырғандарға Қылмыстық кодекстің 214-бабымен бес жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. «5 шілдеде қалада «Дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырыпсатып жатқан дәріхана анықталған. Полицияның жедел тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазіртергеу амалдары жүргізілуде. Егер тұрғындар  алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шектібағадан асырған жайттың куәгері болса, «109» нөміріне хабарласуына болады.Азаматтарға дәріні дәрігердің жазып берген  рецептісі арқылы алуға кеңес береміз. Көпмөлшерде дәрі сатып алу өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Себебі дәрініңсақталу мерзімі мен шарттары бар» дейді мамандар.

Шымкенттедәрі-дәрмек шығаратын SANTO зауыты тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Мұнда қазіринъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар(таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емесерітінділер шығарылады. «830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда жұмыс істеуде.Өнімнің 70 пайызы көтерме, 30 пайызы бөлшек бағада сатылуда», – дедікомпанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская.

Айтпақшы,Түркістан облысында да тәртіп сақшылары дәрі-дәрмек саудасына тексеру жүргізді.Нәтижесінде облыс аумағында дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды заңсызсатудың бес фактісі анықталды. Түркістан қаласының аумағында жүргізілген жеделіс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері қалалық дәріханалардың бірініңфармацевтін «Cef-3» дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып тұрған жерінен ұстады.Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 мың теңгеге саудалаған. Ал бір қораптыңқұны 1300 теңге тұрады.

Әлеуметтікжелілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаштұрғынының медициналық маскаларды заңсыз саудалағанын анықтады. Тұрғынныңкөлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары 4950 дана медициналық маскатәркілеген.

ПолицейлерАрыс қаласында «Аскорбин қышқылын» дәріханалардың бірінде 700 теңгеденсатылғанын анықтаған. Бөлшек саудада аталған дәрі  300 теңге тұрады.

Б.ЕРНАЗАР

Шымкентқаласы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39