Әлемде COVID-19 жұқтырғандар 12 миллионнан асты, оның төрттен бірі АҚШ үлесінде

10.07.2020, 03:00

13

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 миллионнан асты. Оның төрттен бірі коронавирус індеті өршіп тұр АҚШ үлесінде. Елдің оңтүстігіндегі Флорида мен Техас штаттарында, батысында Аризона мен Калифорния штаттарында жағдай өте ауыр.

Алғаш рет былтыр желтоқсанда Қытайда анықталған коронавирус инфекциясынан ең қатты зардап шеккен ел – АҚШ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асып, аурудан кемі 132 299 адам қайтыс болды.

COVID-19 індеті Бразилия мен Үндістанда да өршіп тұр. Біріншісінде 1,7 миллион адамның, екіншісінде 742 мың адамның коронавирус ауруына шалдыққаны анықталған.

Мексикада коронавирус бір тәулікте 6 995 адамнан анықталып, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 275 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш бойынша Мексика Еуропаның індеттен ең қатты зардап шеккен елдерінің бірі Испаниядан озды. Елде COVID-19 инфекциясынан 32 796 адам қайтыс болған.

Австралияның ең ірі екінші қаласы Мельбурн 9 шілдеден бастап қайтадан карантинге жабылды. Бес миллион тұрғыны бар қалада карантин шектеулері бірнеше апта бұрын алынған. Бірақ қала билігі ахуалдың нашарлауына байланысты алты аптаға карантин енгізіп, тұрғындарды үйде отыуға шақырды.

АҚШ-тың Техас штатында ауруханалар науқас лық толы. Аризона штатының ауруханаларындағы интенсивті емдеу бөліміндегі орын саны 91 пайызға толған. Лон Анджелесте науқастардың ауруханаға түсуі кейінгі екі аптада 44 пайызға артқан.

Оклахома штатында да коронавирус індеті өршіп тұр. Қаланың денсаулық сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалары індеттің қарқын алуына ел президенті Дональд Трамптың штат территориясында жақтастарымен кездесуі үлес қосқан. Ақ үй басшысы 20 маусым күні штаттың Талса қаласында сайлауалды науқаны аясында қолдаушыларымен кездесу шарасын өткізген. Ел басшысы келгенге дейін вирус жұқтырғандар саны біртіндеп баялай бастаған Талсада кездесуден соң вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Трамптың бірнеше мың жақтасы пандемия қаупін елеусіз қалдырып, жабық есік жағдайындағы шараға қатысқан. Трамп 3 қарашада өтетін президент сайлауына дайындық жүргізіп жатыр. Жеңсе, бұл оның екінші мерзімі болмақ.

Бірнеше штаттың басшылығы індеттің өршуін адамдардың маска тақпауынан, қашықтық сақтамауынан және қоғамдық орында көптеп жүруінен көріп отыр.

Трамп кәсіпорындарды қайта ашып, қалыпты өмірге келуге салмақ салып келеді. 8 шілде күні ол оқушылардың күзде мектептеріне оралуына шақырды да, АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығын (Center for Disease Control and Prevention, CDC) тым қатаң әрі шығыны көп нұсқаулық шығарды деп сынады.

АҚШ вице президенті Майк Пенс CDC-тің жақын арада оқушылардың оқу орындарына оралуына мүмкіндік беретін жаңа хаттама шығаратынын, бірақ CDC хаттамаларының орындауға міндеттейтін күші жоғын айтты. АҚШ-та бастауыш және орта білімге штаттардың өздері жауапты, яғни мектепті ашу-ашпауды штат билігі шешеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16