Қырғызстанда пневмонияға шалдыққан Алмазбек Атамбаевты ауруханадан абақтыға ауыстырды

09.07.2020, 21:00

41

Қырғызстанның бұрынғы президенті пневмониядан жазылып шықты. Бұл туралы елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комиттеті (ҰҚМК) хабарлады.

Комитеттің мәлімдеуінше, саясаткердің қазіргі ахуалы “қанағаттанарлық”.

“Дәрігерлер консилиумы болды. Оның нәтижесі бойынша Алмазбек Атамбаевтың Қырғызстанның ҰҚМК тергеу абақтысына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер онын денсаулығын күні-түні бақылап отыр” делінген комитет мәлімдемесінде.

Қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында ұсталған Алмазбек Атамбаев 29 маусым күні өзін жайсыз сезінгеніп айтып, одан ПТР анализі алынған. Нәтиже теріс шықты. Содан кейін дәрігерлер консилиум өткізіп, екіжақты пневмония деген диагноз қойған. 30 маусым күні саясаткер стационарға жатқызылды.

23 маусым күні Бішкек қаласы Первомайский аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға соттап, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім кесті. Атамбаевқа сот үкімі "қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі" бойынша шықты.

Атамбаевқа бұдан бөлек Кой-Таштағы оқиғаға қатысты «Адам өлтіру», «Кепілге алу», «Бұзақылық», «Билік өкіліне күш қолдану» сынды баптармен де қылмыстық іс қозғалған.

2019 жылы 7-8 тамызда Шу облысы Аламудун ауданындағы Кой-Таш ауылында «Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізу» операциясы кезінде күштік құрылымдар мен саясаткер жақтастары арасындақақтығыс болған. Ауыр жараланған арнайы жасақ өкілі көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. 200-ден астам адам жараланды. 8 тамызда Алмазбек Атамбаев пен жақтастары билікке өз еркімен берілген. Ол содан бері қамауда отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42