09.07.2020, 11:01
88
Шымкентте дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға алу бағытындаарнайы мониторингтік топтар құрылып жұмыс істеуде.
– Бүгінге дейінқалада 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпенқамтылды. Яғни,бізде 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жеткізіп берушімекеме және 560 дәріхана жұмыс атқарады. Бір айлық дәрі-дәрмек қоры – денеқызуын төмендететін – 115 843 препарат, вирусқа қарсы – 136 352 препарат,антибиотиктер – 133 040 қорап және «С» дәрумендері 44 253 қорапты құрап отыр.Ал дәрілердің бағасын бақылау және алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4мониторингтік топ құрылды. Қазіргі таңда бұл мониторингтік топтың жұмысыкүшейтілген,-деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баспасөзмәслихатында.
Қалада қазір өкпенімеханикалық желдететін 323 аппарат бар. Оның ішінде портативті аппарат – 130,«Бобров» тыныс алу аппараты – 250, ал монитор – 10. Емдікжұмыстарын күшейту мақсатында 6ауруханада арнайы оттегі станциялары орнатылуда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР