09.07.2020, 21:00
54
АҚШ қаржы министрлігі Иранға, Сирияға және Қырымды аннексиялаған Ресейге қатысты санкцияларды бұзғаны үшін Amazon компаниясына айыппұл салды.
Министрлік мәлімдемесінде Халықаралық активтерді бақылау жөніндегі басқарманың (Office of Foreign Assets Control, OFAC) шешімінде қарастырылған санкцияларды бұзғаны үшін компанияға 134,5 мың доллар айыппұл салынғаны жазылған. Мекеме хабарламасына сәйкес, Amazon санкция салынған тұлғаларға және Қырымда, Сирияда және Иранда жүрген азаматтарға тауар жеткізіп, қызмет көрсеткен деп айыпталды.
Қаржы министрлігінің дерегінше, Қырым, Сирия және Ирандағы азаматтар 2011 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қазанына дейін Amazon сайты арқылы тапсырыс жасаған, қызмет көрсету және тауар жеткізу кәсібімен айналысқан.
OFAC мәліметінше, Amazon клиенттерінің мекенжайы мен аты-жөнін санкция ережесіне сай тексермеген. Ал Иранда компания тауарды елдің өзіне емес, оның өзге елдердегі елшіліктеріне жеткізген.
Amazon кінәсін мойындап, айыппұлды төлеуге келісті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР