Түркия елшілігінің қызметкері "коронавирустан ада" Түркіменстанда пневмониядан көз жұмды

10.07.2020, 03:00

16

8 шілдеге қараған түні Ашғабадтың кардиологиялық ауруханасында Түркия елшілігінің дін сұрақтары бойынша кеңесшісі Кемал Учкун қайтыс болды. Бұл туралы turkmen.news хабарлады.

Басылымның жазуынша, Түркия елшілігі 57 жастағы Учкуннің өлімін растаған. Turkmen.news сайтының ақпаратына сәйкес, Кемал Учкун 27 маусым күні ентікпемен, жөтелмен және дене қызуымен ауруханаға түскен. Оған «пневмония» деген диагноз қойылған. Сайт дипломатқа коронавирус талдауы жасалған-жасалмағанын анықтай алмаған.

Елшілік кеңесшісінің көз жұмғаны туралы Түркия баспасөзі де жазды.

TRT Avaz басылымының мәліметінше, Кемаль Учкун елшіліктегі кеңесші қызметін 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келген.

Ауруханада пневмония диагнозы бойынша емделген Учкун тыныс алуы қиындап, біраз уақыт реанимацияда жатқан.

Дипломат Түркіменстанға дейін Түркияның Грузия шекарасына жақын Артвин провинциясының муфтийі болған. Түркия баспасөздерінің жазуынша, марқұмның артында екі баласы қалды.

Түркіменстанда белгілері бойынша коронавирус ауруына ұқсайтын пневмония індеті ушығып тұр. Ел ауруханалары науқас лық толған. Қайтыс болған азаматтар арасында дәрігерлер де бар. Елде карантин аймақтары құрылып, кәсіпорындар жабылып жатыр. Алайда ел билігі ресми түрде өз территориясында COVID-19 инфекциясының барын мойындамады.

Түркіменстанда 6 шілдеден бері ДДСҰ миссиясы жүр. Олар елде эпидемиологиялық ахуалды тексеру мақсатында он күн болмақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16