Алматы облысы бас санитарлық дәрігері пневмониядан көз жұмды

10.07.2020, 23:09

11

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 56 жастағы Қайрат Баймұхамбетов пневмониямен қайтыс болды. Бұл хабарды 10 шілде күні таңертең облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Алайда толық ақпаратты әзірге берген жоқ.

Қайрат Баймұхамбетов 2019 жылдың мамыр айынан Алматы облысының бас санитарлық дәрігері болып істеген.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Facebook-тегі парақшасына марқұмның отбасына көңіл айтып хабарлама жазды. Бұдан бірнеше апта бұрын Баталовтың өзі коронавирус жұқтырғаны анықталған соң өзін өзі оқшаулаған. Осы аптада әкімнің тыныс алуы ауырлаған соң ел астанасындағы ауруханаға жатқызылғаны хабарланған.

Қазақстанда пневмониядан көз жұмғандар күн сайын көбейіп жатыр. Мамандар мен сарапшылар елде жаз мезгілінде пневмонияның әдеттен күшейгенін COVID-19 коронавирус инфекциясымен байланыстырады.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды деп мәлімдеген. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі 29 маусым – 7 шілде аралығында Қазақстанда пневмониядан кемінде 453 адам көз жұмғанын хабарлаған.

Қазақстанда кейінгі апталарда пневмониямен ауырғандар күрт артып кетті. Дерттен көз жұмғандар күн сайын көбейіп жатыр. Бұл дертке шалдыққандардың көбінде коронавирус симптомдары байқалады, бірақ COVID-19 бар-жоғын тексеретін тестілеу қортындысы вирус жоқ деп көрсетеді.

Мамандар мен сарапшылар елде жаз мезгілінде пневмонияның әдеттен тас күшейгенін коронавирус инфекциясымен байланыстырады. Билік мұны жанама түрде мойындады: клиникалық хаттамаға «коронавирус инфекциясы болуы ықтимал» деген ұғымды, ал пневмонияға шалдыққандарға да коронавирус жұқтырғандарды емдеу әдісін қолдануды енгізді. Бірақ билік COVID-19 жұқтырғандар статистикасына тек ПТР тестілеу қорытындысында коронавирус жұқтырғаны анықталған деп көрсетілген науқастарды да енгізеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39