Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір күнде 1708 адамға артып, 56 мыңнан асты

12.07.2020, 02:59

12

10 шілде күні Қазақстанда 1708 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тәулік көрсеткіші бойынша көш басында Атырау облысы (243), Алматы қаласы (223) және Шығыс Қазақстан облысы (154).

Осы аптада вирус жұқтырғандар бойынша бірінші орынға шыққан Атырау облысында осымен 7393 жағдай тіркеліп отыр. Ең ірі екі кен орны Теңіз және Қашаған орналасқан мұнайлы өлкеде дәрігерлер жетіспейді. Билік Ресеймен келіссөз жүргізіп, көрші елдің дәрігерлерін алдырту амалдарын жүргізіп жатыр деп хабарлады үкімет сайты. COVID-19 індетінің ушығуына байланысты Атырау мен Ақтөбе, Алматы және Ақтау қалалары арасындағы темір жолы байланысы тоқтатылған. 10 шілдедегі үкімет отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялады.

Қазақстанда ресми дерек бойынша барлығы 56 455 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында — 7393 (+243 жаңадан қосылған),
Алматы қаласында — 7118(+223),
Нұр-Сұлтан қаласында -6477(+120),
Қарағанды облысында — 5910 (+120),
Шымкент қаласында — 3849(+80),
Батыс Қазақстан облысында — 3794 (+95),
Алматы облысында — 3048 (+109),
Шығыс Қазақстан облысында — 2701 (+154),
Түркістан облысында — 2164 (+58),
Ақтөбе облысында — 2075 (+87),
Жамбыл облысында — 2039 (+68),
Маңғыстау облысында — 1870 (+76),
Павлодар облысында — 1675 (+59),
Қызылорда облысында -1639 (+61),
Ақмола облысында — 1615 (+34),
Солтүстік Қазақстан облысында — 1588 (+56),
Қостанай облысында — 1500 (+65).

Коронавирустен жазылып шыққандар 685 адамға артып, 32 500-ге жетті.

Бұл ПТР талдауымен нақтыланған жағдай. Сонымен қатар Қазақстан пневмония індеті өршіп тұр. 2020 жылдың алғашқы алты айында пневмонияға шалдыққандар 55,4 пайызға артып, 98 546-ға жеткен. Былтыр дәл осы мерзімде 63 436 жағдай тіркелген. Кеше 10 шілде күні үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тек 1-8 шілде аралығындағы аптада 56 809 адамның пневмонияға шалдыққанын айтты. Министрдің сөзінше, оның 39 702 жағдайында ауру белгілері коронавирустікіне ұқсайды.

COVID-19 індеті өршіген тұста билік 5 шілдеден бастап екі аптаға карантин шектеулерін жариялап, бірқатар сауда және қызмет көрсету мекемелерін жапты, өңіраралық көлік қатынасын шектеді. Билік ахуал тұрақтамаса, карантин одан әрі созылуы мүмкін екенін ескертті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39