11.07.2020, 11:13
86
Шымкентте дәрі-дәрмектіңайлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы, 27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар. Мұндай мәліметтердіШымкент қаласының әкімі қаладағы дәріханалардың жұмысымен танысу барысындамәлім етті.
-Қазір үлкенкөлемде дәрілер келді, осы аптада дәріханаларға таратылады, — деді қала әкімі.
«АҚ НИЕТ» ЖШС директоры Ержан Ниязалиевкелген дәрілер қаладағы 52 дәріханаға таратылатынын, оның ішінде«дексеметазон», «дексан», «клексан» препараттары да бар екенін жеткізді.
«Бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептібойынша ғана алуға болады және бұл талапты дәріхананың да орындауы тиіс»,- деді Е.Ниязалиев.
«Зерде» НПО ЖШС қоймасына 6 камаз дәрі-дәрмекәкелінген. Оның ішінде 1 млн аскорбин қышқылы, 500 мыңға тарта цефтриаксон, 100мың азитрамицин, немисил, 20 мыңға жуық кагоцел, 14 мың ингавирин бар.
Айта кетсек, 42 желілік дәріханасы бар«Зерде» НПО ЖШС Шымкенттегі 200-ге жуық дәріхананы қамтып отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР