Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:45

Қырғызстанда 20 қазақстандық студент оқудан қуылып, қылмыстық іс қозғалды

Қазақ
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арабаев атындағы ҚМУ-де 59 студенттің тіркеуде тұрғанын, бірақ іс жүзінде университетте оқымағанын анықтады.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аталған жоғары оқу орнында білім беру саласына қатысты заңбұзушылықтар туралы нақты деректер тіркелген. Атап айтқанда, оқу орнына ресми түрде қабылданған кейбір шетелдік студенттердің Қырғыз Республикасынан тыс аумақта жүргені және оқу процесіне мүлде қатыспағаны анықталған.

Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 20 қазақстандық студент оқудан шығарылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған заңбұзушылық фактісі бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 1-бөлігіне (қызметтік жалғандық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Арнайы құрылған комиссия оқу орнында кешенді тексеру жүргізіп, білім беру үдерісінде заң талаптарының бұзылғанын растады.

Тексеру нәтижесінде оқу процесіне қатыспаған, бірақ ресми түрде студент ретінде тіркелген шетел азаматтары анықталған. Бұл факті бойынша "қызметтік жалғандық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты 59 шетелдік студентті оқудан шығару туралы шешім қабылданды.

Шығарылған студенттердің ішінде:

– 30 студент – Өзбекстан Республикасының азаматы,

– 20 студент – Қазақстан Республикасының азаматы,

– 9 студент – Ресей Федерациясының азаматы.

Бұл жағдай елдегі жоғары білім беру саласындағы бақылау мен қадағалау шараларын күшейту қажеттігін көрсетіп отыр. Комитет алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқу орындарында жүйелі мониторинг жүргізілетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ҚМУ-де анықталған заңбұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Тегтер: