Ресей борты Ыстамбұлға қонды, Кремльден кім барды?

Ресей Украинамен тікелей келіссөздерге қатысатын делегациясын бекітті.
Делегацияны президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрамда Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, РФ Қорғаныс министрлігінің бас штабы бастығы Игорь Костюков, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және тағы төрт сарапшы бар.
“Россия” арнайы ұшақ жасағының Ил-62М ұшағы делегация мүшелерімен бірге Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы әуежайға қонған. Бұл әуежай үкіметтік және әскери рейстерге қызмет көрсетеді.
Осы уақытта Украина президенті Владимир Зеленский Түркия астанасы Анкараға келіп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізетіні хабарланды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп та Түркияға келуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Алайда ол бұл сапарын Владимир Путиннің қатысуымен ғана жүзеге асыратынын айтқан. Кейінірек Трамптың келіссөздерге қатыспайтыны белгілі болды.