Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:05

«Назарбаевтың ұрпақтарын сотта көргіміз келеді» — Айбек Қоспаевтың қорғаушысы

Назарбаевтар
Фото: zhasalash.kz

Айбек Қоспаев — Болат Назарбаевтың оң қолы атанған Елдос Қоспаевтың туған інісі — сотта сөз сөйлеп, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Ол қылмыстық топқа қатыспағанын, рейдерлік пен бопсалауға қатысы жоғын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, кеше прокурор Айбек Қоспаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Күннің бірінші жартысында прокурордың салқынқанды әрі ресми сөзіне қарағанда, Қоспаевтың соттағы қорытынды сөзінде эмоция басым болды.

Оған тағылған негізгі айыптардың бірі — туған ағасы Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болғаны. «Бізді ОПГ деп атайды. Біз бәріміз туған бауырлармыз. Егер прокурордың логикасына сүйенсек, әр отбасы мүшесін ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деуге болады», — деді сотталушы.

Сондай-ақ, прокурордың мүлкін тәркілеу туралы талабына Қоспаев ашық наразылық білдірді.

«Бұл — қарақшылық қой! Мен бәрін өз еңбегіммен сатып алдым. Енді прокурордың ішкі түйсігіне немесе біреудің қиялына сүйеніп, мені тонамақшы. Менің даусымды өшіріп, қаралап, жаман етіп көрсеткілері келеді. Бұл не масқара?!» — деп ашынды Қоспаев.

Оның айтуынша, өзі мен ағаларының ісі төңірегіндегі шу мен резонанс Қаржылық мониторинг агенттігінің әрекеті арқылы әдейі туындаған.

Тегтер: