10:47, 25 Қыркүйек 2024
Астана әкімдігі «Самұрық-Қазына» қорынан 35 млрд теңге алады
«Самұрық-Қазына» қоры Астана әкімдігіне 35 млрд теңге аударады. Бұл туралы Nege.Aqsha telegram арнасы мәлімдеді.
«Самұрық-Қазына» қоры 2021–2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен 35,028 млрд теңгені Астана әкімдігіне аударады, делінген хабарламада.
Бұл қаражат елордадағы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатыны айтылған.