Сауда текетіресі ушығып жатыр: Қытай қысымды күшейтті

Валюта нарығында тұрақтылық әлі орнаған жоқ.
Соңғы екі апта ішінде доллар 22 теңгеге қымбаттап, қазақстандықтардың қалтасына салмақ салуда. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп енгізген тарифтік саясат доллар бағамының күрт өсуіне тікелей әсер еткен.
Курс.кз порталының мәліметінше, қазіргі таңда Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы 518 теңгеден сатылуда. Еуро да бағам жағынан шарықтап, 590 теңгеден асып кеткен. Мұнай бағасының төмендеуі жағдайды ушықтыра түсуде. Сарапшылар бұл құбылыс жалғаса береді деп болжап отыр.
Сонымен қатар Қытай да қарап қалмай, АҚШ-пен ынтымақтастық орнатқан елдерге ескерту жасады. Ресми Бейжіңнің нақты қандай талап қойғаны белгісіз болса да, бұл жаһандық экономикаға әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ қытайлық саудагерлер әлемдік брендтің бәрі Қытай зауытынан өндірілетінін мәлімдеді. Бренд иелері ресми жауап қайтармады.
Қазақстан үшін бұл жағдай валюта нарығында одан әрі құбылмалы кезеңнің басталуы мүмкін екенін білдіреді. Ел экономикасына мұндай сыртқы қысымдардан қорғану үшін нақты шаралар қажет болмақ.
Қазақстанды не күтіп тұр?