Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:40

"Рогаткамен ойнаған" полиция бастығы қызметінен кетті

Полицей
Фото: БАҚ

Полиция мәліметінше, ол қызметтік этика нормасын бұзған.

Абай облысы Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы желіде жарияланған видеодан кейін қызметінен босатылды.

Бұған дейін желіде полиция басшысының қоластындағыларға "тәрбиелеу" мақсатында айырсадақ атқан видеосы тараған еді. Абай облыстық полиция департаменті видеодағы адам Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растап, қызметтік тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

Рогатка
Фото: видеодан скриншот

"Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды", - деп хабарлады облыстық полиция бөлімі.

 

Оқиға қалай болды?

Абай облысы Шар қаласының полиция бөлімінің бастығы Дәурен Әлжаппаров қарамағындағы полицейлерге айырсадақпен оқ атқан. Видеодан оның кабинеттерді аралап, полицейлерді қуып жүргені байқалады. Видео ақпан айында түсірілген. Яғни полицейлердің бірі бөлімшедегі бейнебақылау камерасының жазбасын ұсынған.

“Ол осылайша қарамағында жүрген полицейлерді "тәрбиелейді". Оған қоса, адамның абыройын аяққа таптап, жымиып, рахаттанады”, - деген полиция қызметкерлерінің бірі.

Полиция тергеу жүргізіп, нәтижесінде Әлжаппаров қызметінен кетті.

Тегтер: