Жаңаөзенде түлектер тізгіндеген көлік апатқа ұшырады

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түлектері отырған көліктер жол апатына түсті.
Оқиға 22 мамыр күні болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше жол талғамайтын көліктің колоннамен жүйткіп келе жатқанын байқауға болады. Кенеттен бір көлік жылдамдығын арттырып, алдыңғы көлікке соғылып, салдарынан бірнеше көлік бір-біріне түйісіп кеткен.
Жолда көтерілген қалың шаң салдарынан жүргізушілер алдындағыны көрмей қалған болуы мүмкін. Соққының қатты болғаны соншалық, бір көлік жол жиегіне шығып кеткен. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Көліктердегі қауіпсіздік жастықтары оқушыларды үлкен жарақаттан аман алып қалған.
Жол апатына қатысты полиция тексеріс бастап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қалалық білім бөлімі мен құқық қорғау органдары ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне ескерту жасады.
Интернет қолданушылары видео астында түлектердің мұндай әрекетін сынға алып, ата-аналар мен мектеп тарапынан бақылаудың әлсіздігін атап өтті. Көпшілігі жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін мұндай жүріс-тұрысқа тосқауыл қою керек деген пікірде.
Мамандар ата-аналарды балалардың көлік жүргізуіне рұқсат беруде абай болуға, ал мектеп бітірушілерді — қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруды.