Нетаньяху Иранның көшбасшысы Хаменейге қастандық жасалуы мүмкін екенін айтты

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл туралы ABC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Әңгіме барысында журналист Хаменейге қарсы шабуыл қақтығысты ушықтырмай ма деп сұрағанда, Нетаньяху, керісінше, мұндай қадам соғыстың аяқталуына әкелуі мүмкін екенін айтты.
«Иран “мәңгілік соғыс” қалпында болғысы келеді, әрі олар бізді ядролық соғыс табалдырығына итеріп отыр. Израиль бұл соғысты болдырмауға тырысып жатыр, агрессияны тоқтатуға тырысып жатыр. Біз бұл үшін зұлым күштерге қарсы тұруымыз керек», - деді премьер.
Ол сондай-ақ Израильдің ядролық қару жасаумен айналысатын ирандық жетекші ғалымдарды нысанаға алып отырғанын, тіпті оларды «Гитлердің ядролық командасы» деп атағанын жеткізді.
Премьер-министрдің айтуынша, АҚШ-тың да мүддесі — Израильді Иранның ядролық бағдарламасын жою жолында қолдау.
«Біз тек өз жауымызбен соғысып жатқан жоқпыз. Біз сіздердің жауларыңызбен де күресіп жатырмыз. Олар “Израильге өлім, Америкаға өлім” деп ұрандап жүр. Біз — олардың жолында тұрған жалғыз кедерміз», - деді Нетаньяху.
Бұған дейін Арагчи Иранның қорғанысы «толық заңды» және «Израильдің агрессиясы тоқтаса, Тегеранның жауап әрекеттері де тоқтайды» деп мәлімдеді. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі сондай-ақ Израильдің «ядролық мәселеде ешқандай келісімге қол жеткізгісі, келіссөз жүргізгісі келмейтінін және дипломатияны қаламайтынын» атап өтті.
Сондай-ақ, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа толқыны аясында Ливан аумағына да соққы бергенін хабарлады.
– Мәселе деэскалацияда емес. Мәселе атысты тоқтатуда емес. Мәселе біздің өмір сүруімізге қауіп төндіретін нәрсені тоқтатуда және біз оларды тоқтатуға ниеттіміз, - деп қосты Нетаньяху.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шабуыл Ливанның оңтүстігіндегі Хоул қаласы маңында жүзеге асырылған. Олар «Хезболла» ұйымының мүшесін нысанаға алған. ЦАХАЛ деректеріне сәйкес, операция сәтті аяқталған. Дегенмен, ұйым өкілінің аты-жөні, лауазымы мен операцияның басқа да егжей-тегжейлері әзірге жария етілген жоқ.
Бұған дейін Иран басшысы қауіпсіздік үшін Мәскеумен келісімге келгені жөнінде хабарлаған едік.