Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:20

Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы ауысты

Асылбек
Фото: zhasalash.kz

Компанияны енді Нұрлыбек Асылбеков басқарады.

Бұл туралы Yedilov Online хабарлады.

Асылбеков — денсаулық сақтау саласында 30 жылдық тәжірибесі бар заңгер және экономист. Ол бұған дейін:

• Денсаулық сақтау министрлігінде,

• Премьер-Министр кеңсесінде,

• Астана мен Шымкент қалаларында денсаулық сақтау департаменттерін басқарған.

Нұрлыбек Асылбеков еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында бастаған. Ол сол кезде «Фармация» АҚ-да провизор-технолог әрі бас маман болып жұмыс істеген. Кейін, 2000–2002 жылдары ОҚО әкімдігі аппаратында бас маман қызметін атқарды.

2002 жылдан бастап фармацевтикалық бақылау саласында жауапты қызметтерге ауысып, 2002–2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ОҚО бойынша фармацевтикалық бақылау комитетін басқарды. 2006–2007 жылдары дәл осы комитеттің Алматы облысы бойынша басшысы болды.

2007–2009 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде бас сарапшы қызметін атқарған ол, кейін 2009–2012 жылдары Алматы облысы бойынша фармацевтикалық және медициналық бақылау департаментінің басшысы болды.

2012–2015 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде бас инспектор, ал 2015–2017 жылдары Астана қаласындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2020 жылдың 12 тамызынан 13 қарашасына дейін Нұрлыбек Асылбеков ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың 13 қарашасы мен 2021 жылдың 1 сәуірі аралығында ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Нұрлыбек Асылбеков осы комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2022 жылдан 2025 жылға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Тегтер: