Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:49, 06 Қаңтар 2024

Коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: ДДСҰ бетперде тағуға шақырды

COVID-19
Фото: из открытых источников

ДДСҰ басшысы көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты бетперде киіп, COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ ол қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

"Жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз", - деді ДДҰ басшысы.

Тегтер: