Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:40

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-ге қосылды

Антикор
Фото: ашық дереккөз

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. 

Бұл құжатқа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) таратылып, оның жедел функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі. ҰҚК базасында жаңа орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылмақ.

Ал стратегиялық және алдын алу бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, осы саладағы үйлестіру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзыретіне өтеді.

Реформаның мақсаты – мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру. ҰҚК мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі таратылған агенттіктің жаңадан белгіленген өкілеттіктер аясындағы құқықтық мұрагері болады.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Үкіметке 1 қыркүйекке дейін Мәжіліске осы жарлықтың ережелерін ескеретін заң жобасын енгізу тапсырылды.

Тегтер: