Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:50

Шымкентте Жастар театрының директоры ірі көлемде қаржы жымқырған

Жастар театры
Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қалалық Жастар театрының директоры мен бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты 136 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, мемлекеттік бюджеттен концерттік жабдықтар — колонкалар, сабвуферлер, сахналық фермалар, күшейткіштер мен микрофондар сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген. Алайда сатып алу кезінде түрлі заңбұзушылықтарға жол берілген.

Алайда бұл қаражатты игеру кезінде 20-дан астам тауар атауы бойынша сатып алулар электронды дүкен арқылы жүргізіліп, қолданыстағы талаптар бұзылған.

Жалған кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, ақша қолма-қол түрде шешілген. Ал тиісті жабдықтар шын мәнінде жеткізілмеген.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер:

  • Мемлекеттік сатып алу талаптарын өрескел бұзған;
  • Лоттарды әдейі ұсақтап, 20-дан астам тауар атауын электронды дүкен арқылы рәсімдеген;
  • Жалған кәсіпкерлермен келісім жасап, нақты жеткізілмеген жабдық үшін қаржы аударған;
  • Алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Сонымен қатар күдіктілердің бірі 48 миллион теңгеге көлік пен пәтер сатып алып, оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл әрекет мүлікті жасыру мақсатында жасалғаны анықталды.

Сот санкциясымен аталған мүлікке бұғат қойылып, күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Қаржы жымқыруға қатысы бар тұлғалар заң алдында жауап береді.

Тегтер: