Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:05

Алматыда Амантай-Қажы ұсталды

Қажы
Фото: БАҚ

Алматыда антиядролық бағыттағы қоғам белсендісі Амантай-Қажының ұсталғаны хабарланды.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Видеода егде жастағы ер адамның әйелді баспалдақтан итеріп жіберген сәті түсірілген.

Аталған жайтқа байланысты Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

— Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп мәлімдеді қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, жәбірленуші әйел жамбас сүйегін сындырып, ауыр жарақат алған.

Амантай-Қажы Асылбек — антиядролық қозғалыстың жетекшісі, “Аттан, Қазақстан!” Бейбітшілік шеруінің ұйымдастырушысы және “Невада – Семей” қозғалысының белсенді мүшесі. Ол бірнеше рет Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген.

Тегтер: