Шерзат ісіндегі басты куәгер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Шерзат Полат ісінде куәгер екі қыздың бірінің статусы өзгеруі мүмкін.
Айыпталушы 9 жігіттің қатарына қосылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Адвокат Мейірман Шакеевтың сөзінше, куәгер Эльмира Нұрбекованың тергеу мен сот кезіндегі жауаптарында қарама-қайшылық көп. Әрі процесте аудармашының көмегіне жүгініп, тек орыс тілінде сөйлеп тұрған қыз, тергеуде мемлекеттік тілде анық жауап беріп тұрғанын аңғардық дейді. Бұл мәселені прокурорлар да қозғады.
Айта кетейік, сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Талғардағы атышулы оқиғаға куә болған алты адам сотта өз жауаптарын берді. Екі қыздың бірі яғни Дана Жақсыгелді 9 айыпталушының бесеуін танитынын жеткізді. Әрі пышағы мен мылтығы бар адамдарды бірінші рет көргендіктен полицияға хабарласуға қорыққан. Жедел жәрдем шақыру да ойына кіріп шықпапты.
Қаруға қатысты сұрақтар әлі зерттеліп жатыр.
Сот соңында нақты шешім қабылдануы мүмкін.