Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:27, 06 Тамыз 2025

Қазақстанда психикалық ауытқуы бар ер адамдар әскерге алынбайтын болды

Әскер
Фото: zhasalash.kz

Елімізде әскерге шақырылатын азаматтарды іріктеу тәртібі жаңартылды.

Енді болашақ сарбаздар PSY-PICK деп аталатын арнайы әдістеме арқылы тексеріледі.

Бұл — адамның суицидке бейімділігін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік жүйе.

Аталған әдістеме 2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқанында сынақтан сәтті өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Соның нәтижесінде 470-тен астам бозбалада суицидтік мінез-құлық белгілері анықталып, олар қосымша тексеруден өткізілді. Бірқатар азамат психологиялық жағдайына байланысты әскери міндеттен босатылды.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен скрининг жүргізіледі, одан кейін терең психологиялық диагностика өтеді. Қажет болған жағдайда азамат психиатриялық сараптамаға жіберіледі.

Қорғаныс министрлігі бұл жаңашылдық әскери қызметшілердің қауіпсіздігін арттырып, әскердегі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталғанын айтады. Сонымен қатар бұл шара әскерге шақырылатын жастардың психикалық денсаулығына ерекше назар аударылып отырғанын көрсетеді.