Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

“Мен шыбынды да ренжітпеймін” - Санат Әбдіқадыр өзін “Чика” деп атауға наразы

Әбдіқадір
Фото: orda.kz

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр. Сот отырыстары ашық форматта өтіп, YouTube платформасында тікелей көрсетілуде. Бұл іс қоғам тарапынан қызу талқыға түсті.

2024 жылғы 28 сәуірде сотта жауап берген куәгер Санат Әбдіқадырдың сөзі әлеуметтік желілерде ерекше пікірталас тудырды. Желі қолданушыларының пайымынша, дәл осы Санат — жұрт арасында “Чика” лақап атымен танылған азамат, ол төбелес алдында жігіттерге «істеңдер» деп айтқан. Мұндай пікірлердің таралуына 2024 жылғы 28 қазанда тергеу кезінде жүргізілген Санат Әбдіқадыр мен Қаржаубай Нұрымов арасындағы беттестірудің видеосы себеп болған.

Куәгердің сол кездегі беттестіруде айтқандары мен соттағы мәлімдемелері арасындағы айырмашылықтар қоғамда күмән мен сұрақтар туындатты. Бұл жағдай іс бойынша маңызды куәгерлердің сенімділігі мен сот әділдігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр.

Самат Әбдіқадір не дейді?

  • Бастапқыда расымен де полиция бөлімшесінде Қаржаубай бізді сөгіп, айыптады, бірақ біз оны қайғы мен ашудан туған сөздер деп қабылдадық. Менің ойымша, бұл жерде қателік кеткен. Мені ешқашан «Чика» деп атаған емес. Менің атым — Санат, барлығы мені «Сәке» немесе «Санчо» деп атайды. Мұны менімен бірге оқыған сыныптастарымнан, бірге өскен достарымнан, әскерде бірге қызмет еткен адамдардан, басқа да таныстарымнан сұраңыз. Мені ешқашан «Чика» деп атамаған. Адамдар маған жақтырмай қарай бастады — мен мұны анық сезіп жүрмін. Тек кеше ғана базарға киім алуға барған едім, сонда-ақ маған дұшпандықпен қарап, салқын қабақ танытты. Өйткені мен мүлде басқа адаммын. Тіпті шыбынға зиянымды тигізбеймін. Ал интернетте мен туралы өлең шығарып жатыр. Әлі ешқандай сот үкімі шықпаған, ештеңе дәлелденбеген болса да, - дейді ол.
Тегтер: