Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:32, 24 Қыркүйек 2024

Кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайды

а
Фото: Ақорда

2025 жылдың 1-ші шілдесінен Кассациялық соттар өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов президентпен кездесуінде айтты.

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланғаны айтылады.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді. Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды, делінген хабарламада.

Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Тегтер: