Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:25, 31 Шілде 2025

Аптап ыстық. Жүргізушілердің талабы

Ыстық
Фото: БАҚ

Жаз басталысымен еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде күн қызады.

Асфальт балқып, ауа лаулап, көлік іші пешке айналады. Оны Маңғыстаудың күйіп тұрған құмында не Шымкенттің қапырықкөшелерінде көлік жүргізгендер жақсы біледі. Ыстықтан қорғанбаса, жолдағы сапар азапқа айналады.

Дәл осы мәселені шешу үшін онлайн петиция сайтында азаматтар бастама көтерді. Олар көктем-күз аралығында көліктің алдыңғы бүйірлік терезелеріне уақытша алынбалы перде орнатуға рұқсат беруді сұрайды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға қатаң тыйым салынған. Бұл ереже жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданғаны белгілі, әсіресе түнгі уақытта көрінуді қамтамасыз ету үшін. Бірақ петиция авторлары осыған балама ұсынып отыр: уақытша алынбалы перделерді күндізгі уақытта, әсіресе көктем мен жаз айларында пайдалануға рұқсат ету. Мұндай перделер небәрі 10–20 секундта орнатылып, алынады. Ақылғасалса, жалпы өте орынды ұсыныс.

Дегенмен петицияны қолдаушылардың саны әзірге 300-ге де жетпеген. Ал ресми орындардың назарына ілігу үшін кемі 50 мың қол жиналуы керек. Егер қолдау аз болса, жүргізушілердің дауысы еленбей, петиция қараусыз қалуы мүмкін. Бірақ азаматтық қоғамның күші дәл осындай бастамаларда жатыр.

Қалмұрат АҚБОЛАТ

Тегтер: