Украиналықтар тұтқында: Еуропарламентте Ресейдегі террор лагерьлерінің жұмысы көрсетілді

Ресей тұтқындаған бейбіт украиналық азаматтар туралы ақпарат өте аз.
Олардың саны ондаған мың болуы мүмкін. 1 шілде күні Брюссельдегі Еуропарламентте Ресейде украиналықтарды ұстауға арналған азаптау лагерлері жүйесі туралы түсірілген «Тұтқындар: террор жүйесі» атты деректі фильмнің премьерасы өтті. Ресми Киев пен құқық қорғаушылардың мәліметінше, Ресей түрмелерінде және арнайы лагерьлерінде мыңдаған, тіпті ондаған мың украиналық бейбіт тұрғын заңсыз ұсталып отыр. Деректерге сәйкес, бұл сан 7000-нан 30 000-ға дейін жетуі мүмкін.
Фильм авторы, Ресей режиміне қарсы шыққан, қазір Эстонияда тұратын және ресейлік түрмелердегі украиналықтарға көмектесумен айналысатын Евгения Чирикова:
«Оккупанттар бүкіл террор жүйесін құрды. Азаматтық украиналықтар байланыссыз, азаптау жағдайында концлагерьлерде ұсталып жатыр, оларда босатылуға үміт жоқ», - дейді.
Ресейлік билік тұтқындарды «СВО-ға (арнайы әскери операцияға) қарсы шыққан тұлғалар» деп белгілейді. Бұл – заңмен реттелмеген категория, яғни олар құқықтық кеңістіктен тыс ұсталады. Құқық қорғаушылар бұл жағдайды «таза басынушылық» деп атайды.
"Центр гражданских свобод" ұйымының өкілі Михаил Савва:
«Азаматтық украиналықтарды тергеу изоляторына (СИЗО) қамағанмен, қылмыстық іс қозғалмайды. Бұл – ресейлік заңдарды өрескел бұзу».
БҰҰ деректеріне сәйкес, ресейлік түрмелер мен лагерьлердегі украиналық тұтқындардың 91%-ы азаптауға ұшыраған. Оларға:
- Электрошокпен азаптау,
- Татуировкаларды күйдіру,
- Инъекция арқылы азаптау,
- Жыныстық зорлық-зомбылық,
- Атып тастау,
- Тамақ бермеу сияқты әдістер қолданылған.
Таганрогтағы СИЗО-2 түрмесінде тұтқындар 4–5 күн аш отырады, аштықтан ісініп кетеді. Орташа салмақ – 40 кг. Кейбір тұтқындар 50 кг-ға дейін арықтап кеткен.
2022 жылдан бастап Ресей оккупанттары фильтрациялық пунктер желісін құрған. Евгения Чирикованың мәліметінше, оларда алдын ала жасалған тізімдер болған. Осы жылы Ресей түрмелерді кеңейтуге арналған 1 млрд долларлық бағдарлама қабылдаса, 2024 жылы бұл сома 11 есеге ұлғайтылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, Росгвардия, ФСБ, әскери полиция, қара форма киген белгісіздер украиналықтарды көшеден, КПП-да, тіпті украин тілі мен татуировка үшін ұстап әкетеді.
Александр Тарасов, Херсонда гуманитарлық көмек таратқан белсенді, көшеден ұсталып, 14 сағат бойы ұрып-соғылған, қолымен аспаға ілінген, электрошокпен азапталған, туыстарына да қауіп төндірілген. Ол жыл бойы СИЗО-ларда қамауда болған, айып тағылмаған, туыстары оның тірі екенін білмеген.
«Бізді күнде азаптады. Ешқандай пайда жоқ болса да. Бұл – жүйе. Халықаралық құқық жүйесі құлады», - дейді ол.
Ресей билігі украиналық азаматтарға:
- Айып тағу арқылы – сотпен түрмеге жібереді,
- Немесе ешқандай іссіз – толық оқшаулауда ұстайды.
Олар әскери емес, сондықтан Женева конвенциясы оларды қорғауға міндеттемейді, бірақ оларды тұтқындауға да құқық бермейді – бұл құқықтық дағдарыс. Украина құқық қорғаушылары Ресейдегі украиналықтарды ұстау орындарының саны – 180 екенін айтады. Олардың көбін Ростов-на-Дону, Донецк, Луганск, Симферополь, Геническ қалаларында соттайды.
Ресей тұтқынынан тек 300 адам ғана ресми түрде айырбаспен, 363 адам айырбассыз босатылған. Қалғандары әлі күнге дейін беймәлім жағдайда қалып отыр.
Құқық қорғаушылар мен фильм авторлары Батыс елдерін:
- Ресейдің концлагерь жүйесіне қатысқандарға қарсы жеке санкциялар салуға,
- Украинаны деоккупациялауға көмектесуге,
- Әр келіссөзде – бейбіт азаматтардың шартсыз босатылуын талап етуге шақырады.
«Бастысы – тірі болса екен дейміз. Денсаулығы жоқ шығар, бірақ аман келсе екен», - дейді тұтқындағы баласын күтіп жүрген Татьяна Омельяненко.