Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 28 Қазан 2024

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

е
Фото: gov.kz
2024 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 548 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 503 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 874 және 861 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 586 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 335 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 144 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439,  өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам.

Тегтер: