Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 28 Шілде 2025

Астанадағы ауруханада неге жүкті әйелге 2 сағат бойы көмек көрсетілмеді?

Астана
Фото: ашық дереккөз

Астанадағы Манас көшесінде орналасқан №2 ауруханада жүкті әйел ұзақ уақыт қан кетуден кейін баласынан айырылды. 

Бұл туралы оның палатадағы көршісі мәлімдеді. Айтуынша, науқас әйел «түсік тастау қаупі» диагнозымен ауруханаға түсіп, екі күн бойы жағдайы тұрақты болған.

«Бүгін кенеттен жағдайы күрт нашарлады, қатты қан кете бастады. Мен айқайлап, дәрігерлерді шақырдым. «Ең болмаса бірдеңе істеңіздерші» деген сөзіме медбике: “Дәрігердің нұсқауынсыз ештеңе істей алмаймын”, - деп жауап берді. Бәрі қолдарын жайып, селқос қарап тұрды. Оның халін көріп тұра алмадым. Қоңырау шалмаған жерім қалмады – еш нәтиже болмады», - деді оқиғаның куәгері.

Куәгерлердің айтуынша, медициналық көмек тек 1 сағат 45 минут өткен соң ғана көрсетілген.

Астана
Фото: автордан (Instagram)

"Бәрі бей-жай. Қайда қоңырау шалсам да, бір-біріне сілтейді. Аурухана – көмек көрсететін орын деп ойлайтынбыз, бірақ мына көрініс – өлімді күткен адамдардың бейнесін еске салады", - дейді ол ашынып.

Аурухана әкімшілігі қызметтік тексеріс басталғанын және тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған.

Астана
Фото: видеодан скриншот

 

Тегтер: