15:14, 01 Қараша 2023
"Жүгір немесе өлесің" ойыны: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады
ІІМ "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді
«Run or Die» - балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған тағы бір жаңа танымал ойын. Оның мақсаты - көліктің алдынан тікелей жолды кесіп өту. Ойында жеңімпаз - жолды жүгіріп өтіп, аман қалған ойыншы болады.
Әлеуметтік желілерде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылып жатыр.
"Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.
Жалпы биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 200-ден аса бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алған.