Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

“Тағы да жемқорлық”: Таразда әкім орынбасары түрмеге қамалды

Нұрбол Қалдыбаев
Фото: zhasalash.kz

Тараз қаласында құрылыс саласындағы жемқорлық ісі бойынша сот үкімі шықты. 

Қаланың бұрынғы әкім орынбасары Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Онымен бірге айыпталушылар қатарында болған мердігер ұйым өкілі алаяқтық үшін 6 жылға сотталды.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қарашасына дейін Қалдыбаев қала әкімдігінде құрылыс пен ТКШ саласына жетекшілік ете отырып, бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген.

Атап айтқанда, «Ұлы дала» жаңа шағынауданында іс жүзінде аяқталмаған екі көпқабатты үй пайдалануға берілген. Бұл нысандарға бюджеттен 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Бастапқыда Қалдыбаевқа мүлікті жымқыру мен ысырап ету айыбы тағылғанымен, тергеу барысында ол қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бабына ауыстырылды. Келтірілген залал 137 миллион теңгені құрады.

Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылғы 11 желтоқсанда, қызметінен кеткеннен кейін үш аптадан соң ұстаған. Сотта Қалдыбаев өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда мердігер оған үйлердің жағдайы белгілі болғанын және ол жалған қабылдау актілеріне саналы түрде қол қойғанын растады.

Тегтер: