Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:50, 05 Маусым 2025

Ұлттық банк төрағасының отбасында бюджетті жұбайы басқарады

Сулейменов
Фото: zhasalash.kz

Себебі бұл - «қазақстандық отбасылардың шынайылығы».

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов отбасындағы қаржылық және тұрмыстық істермен оның жұбайы айналысатынын айтты. Себебі, оның айтуынша, «жұбайының уақыты көбірек және бұл істер оған жақсырақ тап келеді».

 «Ол – декретте. Уақыты бар. Қайда не арзан, онлайн тапсырыс бере ме, әлде дүкенге барып келе ме — бәрін жақсы біледі. Бұл — қалыпты жағдай. Әйел адамның шаруаны жүргізуі үйреншікті нәрсе», - деді Сүлейменов.

Журналист сексистік көзқарас бар ма деген сұрақ қойғанда, Ұлттық банк басшысы былай деп жауап берді:

«Мен бұл бәріне осылай болуы керек деп тұрған жоқпын. Біздің отбасында солай. Басқаларда басқаша шығар. Мысалы, Әлия Меирбекқызы 150 миллиард долларды басқарады — Ұлттық қор, БЖЗҚ және МӘМС қоры. Әр адам өзін қай салада көрсеткісі келсе, сол жерде дами алады».

Сүлейменовтің бұл пікірі қоғамда қызу талқыға түсті. Бірі оны шынайы әрі отбасылық рөлдерге қатысты адал көзқарас деп қабылдаса, енді бірі бұл пікірлер дәстүрлі патриархалды көзқарасты қолдайды деп бағалады.

Соңғы кезде Ұлттық банк төрағаларының сұхбаттарында бір ерекше тенденция байқалады — бәрі де отбасы бюджетін әйелінің басқаруына «қатты сенеді».

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары азық-түліктің бағасы туралы сұраққа жауап бере алмайтынын, себебі бұл іспен отбасында әйелі айналысатынын айтқан еді. Ол тіпті сатып алуға қанша ақша бөлетінін де нақты айта алмады.

– Айта алмаймын. Үй шаруасымен жұбайым айналысады. Мен дүкенге бармаймын. Азық-түлікті жұбайым алады, оның қолында менің картамның көшірмесі бар. Тіпті бақыламаймын, – деп жауап берді Шолпанқұлов.

Ұлттық банк төрағаларының жауабында ұқсастық бар. Ұлттық банк басшысы болу – оңай. Ең бастысы – үйдегі бюджетті жұбайыңа тапсыру!

Тегтер: