Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 01 Қазан 2025

Қырғызстанда президент өлім жазасын қайта енгізуді ұсынды

Қырғыз
Фото: БАҚ

Қырғызстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін өлім жазасын қайтару ұсынылды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров заңнамаға өзгерістер енгізуді, балаларға қарсы зорлық-зомбылық жасағандар мен әйелдерді өлтіріп зорлағандар үшін өлім жазасын енгізуді тапсырды. Бұл туралы Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов өз Facebook парақшасында хабарлады.

Президент бұл ұсынысты 27 қыркүйекте ЫстықКөл маңында Қаракөл қаласының 2008 жылғы тұрғыны жоғалғаннан кейін жасады. Кейін оның денесі Жел-Арық ауылы маңынан табылды. Тергеу барысында жасөспірімді зорлап, кейін өлтіргені анықталды. Күдікті – бұрын сотталған, 1984 жылғы азамат – Бішкек қаласында ұсталып, қамауға алынды.

 

«Айсулуу есімді жасөспірім қызға жасалған аса қатыгез қылмыс ісі президенттің тікелей бақылауында. Мемлекет басшысы бұл қылмыстың қоғамды шошытқанын терең өкінішпен қабылдады. Президент балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалмауы керек деп есептейді», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.