Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:55

Алматы облысында опат болған тікұшақ: үшінші адамның денесі табылды

Сорбұлақ
Фото: БАҚ

Қорғаныс министрлігі Алматы облысында апатқа ұшыраған EC-145 тікұшағы экипажының барлық мүшелерінің денелері табылғанын хабарлады.

10 тамызда экипаж командирі, 1-сыныпты ұшқыш, 930 сағат әуе нальоты бар майор Нұржігіт Уйсинбаевтың денесі табылды. Ол эскадрилья командирінің орынбасары қызметін атқарған, әріптестері арасында зор құрметке ие болған.

11 тамызда борттық техник, 1-сыныпты маман, 300 сағат нальоты бар капитан Бахтияр Ержігітовтің денесі табылды. Ол авиация саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман болған.

12 тамызда командирдің көмекшісі, 295 сағат нальоты бар капитан Аман Амангелдінің денесі табылды. Ол күрделі метеожағдайда және ірі оқу-жаттығуларда ұшуларды орындаған.

Үш әскери де Әуе қорғаныс күштері әскери институтының түлектері, тәртіпті, жауапты және әрдайым жолдастарына көмекке дайын қызметкерлер ретінде танылған.

Қазіргі уақытта апат болған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, тергеушілер оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Тегтер: