Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 01 Мамыр 2025

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар елден депортацияланды

Депортация
Фото: МИД Өзбекстан

Америка Құрама Штаттары бір топ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын елден шығарды. 

Олардың барлығы заңсыз мигрант ретінде танылып, арнайы чартерлік рейспен Нью-Йорктен Ташкентке жеткізіледі. Бұл ұшуды өзбек тарапы ұйымдастырған.

Жалпы саны — 131 адам. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар.

Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі сот шешімімен депортациялануы тиіс азаматтарға елден өз еркімен кетуді сұрап, ресми үндеу жасаған еді. Әйтпесе, қатаң шаралар қолданылатынын, оның ішінде мәжбүрлі депортация, айыппұл және басқа да санкциялар болатынын ескерткен.

Аталған рейспен шығарылғандардың ішінде біразы АҚШ-та бірнеше жыл бойы заңсыз еңбек етіп келген. Олардың кейбірі миграциялық заңнаманы бұзып, жалған құжаттармен жұмыс істегені белгілі болды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі депортацияланған азаматтардың тізімімен танысып, олардың құқықтық жағдайын бақылауға алғанын мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы миграциялық саясатты қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр.

Тегтер: