Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:20

Мас күйдегі бұрынғы полицей баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Полиция
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Алматы облысы Көкөзек ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. 

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі артқа шегініп келе жатып, кішкентай баланы қағып кеткен. Ең сорақысы – ер адам көліктен түсіп, жағдайды тексермек түгілі, тоқтамастан оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, рөлде полицияның учаскелік инспекторы отырған.

Машина
Фото: БАҚ

Оқиғаның бейнебақылау жазбасы да жарияланды. Онда көліктің баланы басып өтіп, жүргізушінің еш әрекет жасамастан оқиға орнынан жедел кетіп қалғаны анық көрінеді.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, күдіктіні анықтап, ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Облыстық департаменттің барлық жеке құрамы күдіктіні табуға бағытталған. Кейінірек белгілі болғандай, баланы қағып, қашып кеткен 42 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның нақтылауынша, көлікті басқарған адам — бұрынғы полиция қызметкері. Ол бұл оқиғаға дейін-ақ нашар себептерге байланысты жұмыстан шығарылған.

Қоғам арасында бұл оқиға үлкен резонанс тудырып отыр. Әлеуметтік желілерде бейнежазба кең тарап, азаматтар баланың тағдырына алаңдаушылық білдіруде және кінәлі адамның қатаң жазалануын талап етуде.

Бала
Фото: БАҚ

Қазіргі таңда балаға медициналық көмек көрсетілуді, оның жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша іс қозғалды.

Тегтер: