Ердоған Өзгүр Өзелді сотқа берді: тағы 500 мың лира талап етіп отыр

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оппозициядағы Халықтық-республикалық партияның жетекшісі Өзгүр Өзелге қарсы сотқа шағым түсірді.
Бұл туралы мемлекет басшысының адвокаты Хюсейн Айдын әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, 5 шілдеде өткен баспасөз жиынында Өзел Ердоғанды негізсіз айыптап, қорлау мен қоқан-лоққы әрекеттеріне жол берген. Осыған байланысты президент 12,5 мың доллар көлемінде моральдық өтемақы талап етіп, Анкараның азаматтық сотына талап-арыз жолдады. Сонымен бірге, Ердоғанды қорлау және қорқыту фактілері бойынша Анкара прокуратурасына қылмыстық шағым да берілген.
— 5 шілде күні Халықтық-республикалық партия (ХРП) төрағасы Өзгүр Өзел тарапынан Президентімізге бағытталған негізсіз айыптауларға, қорлау сипатындағы мәлімдемелер мен қоқан-лоққыларға байланысты Анкараның бірінші инстанциядағы азаматтық сотына 500 мың лира көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы талап арыз берілді. Сонымен қатар, Өзелдің Президентті қорлау және оған қоқан-лоққы көрсету әрекеттері бойынша Түркия Қылмыстық кодексінің 310/2-бабына сәйкес Анкараның бас прокуратурасына қылмыстық шағым жолданды, - деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Мәліметтерге қарағанда, 5 шілде күні ХРП атқару комитетінің отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Өзел Анталья, Адана, Адыяман және Манавгат қалаларының әкімдерінің сол күні жемқорлық істері бойынша тұтқындалуын сынап, Ердоғанды авторитарлық билік жүргізіп отыр деп мәлімдеген. Сонымен қатар, ол қараша айында кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді талап етіп, қазіргі биліктің ол сайлауда жеңіледі деген сенім білдірген.
Айта кетсек, Ердоған бұған дейін де Өзелге қатысты осындай талаптар қойған. Мәселен, 6 сәуірде өткен партияның кезектен тыс құрылтайында Өзел президентті «хунтаның басшысы» деп атағаны үшін Ердоған тағы да 500 мың лиралық өтемақы талап етіп, сотқа жүгінген еді.
Бұл — заңға емес, саяси мақсаттарға құрылған шешім. Судьялар мен прокурорлар бейтараптықтан айырылған, - делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, жақында Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінде Ердоғанның әскери саладағы өкілеттігін кеңейтетін заң жобасы қаралып жатқаны мәлім болды. Ал елдегі үш қаланың әкімі парақорлық күдігімен тұтқындалған.
Бүгінде елде саяси дағдарыс және өзара айыптаулармен қоса жалғасып жатыр.