Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:20

Алматыда жоғары лауазымды әскери қызметкерлер ұсталды - министрлік растады

Лауазым
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Олар лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Ұсталғандар - қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (қалалық әскери комиссар), оның шақыру жөніндегі орынбасары, медициналық қызмет басшысы және кейбір аудандық әскери комиссариаттардың қызметкерлері.

Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы оларға қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Тикток
Фото: видеодан скриншот

"ІІМ әскери-тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.