Пәкістан АҚШ-қа ашық ескерту жасады

Пәкістан АҚШ-қа ескерту жасап, егер Иранға ядролық соққы жасалатын болса, Израильге қарсы ядролық жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Израильдің Channel 10 телеарнасы хабарлады.
Бұған дейін Батыс басылымдары Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, АҚШ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Әсіресе Иранның Фордо ядролық нысанына ерекше назар аударылған.
Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін және бұл туралы қол қою рәсімі 15 маусым күні өтуі тиіс болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Иран МАГАТЭ сарапшыларына ядролық нысандарды ашуға келісім берген, Израильмен соғысудан бас тартқан. Оның орнына Тегеран экономикалық санкцияларды алып тастауды талап еткен.
Алайда келіссөздердің орнына Израиль тарапынан Иранға күтпеген және жойқын соққы жасалды.

Израиль әскері Иранның ядролық, әскери, энергетикалық және ғылыми нысандарына зымыранмен соққы берді. Сонымен қатар ядролық физиктерге қатысты террористік актілер жасалып, оннан астам ирандық ғалым өлтірілгені хабарланды. Бұл ғалымдар Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімге қатысты келіссөздерге қатысқан делегация құрамында болған.
Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы соғыстың бірінші күнінде бұл шабуыл жайлы бұрыннан хабардар болғанын журналистерге ашық айтты. Осы арқылы ирандық тараптың сақтығы әлсіреп, Израиль өз шабуылын бастаған. Мұндай қитұрқы әрекет Трамптың жеке шешімі ғана емес, ол батыс, нақтырақ айтсақ, англосаксон сыртқы саясатының шынайы бейнесі екенін көрсетеді.
Анатолий Цыганковтың айтуынша, Трамп Иранмен «ядролық келісім» жөнінде келіссөздер жүргізу арқылы ирандықтардың қырағылығын әлсіретіп, Израильдің шабуыл жасауына жағдай жасаған. Иран өз тарапынан жауап берді, бірақ бұл кең ауқымды, күйрететін соққы болмады, дегенмен Израиль үшін ауыр соққылардың болғаны айтылды. Алайда әлемдік (әсіресе батысеуропалық) БАҚ бұл жағдайды Иранның Израильге жасаған шабуылы ретінде сипаттап отыр. Бұл — жалған ақпарат.
АҚШ Иранды келіссөз үстеліне қайта отыруға шақыруда. БҰҰ мен ЕО елдері Иранды шиеленісті ушықтырмауға үндеп отыр.