Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 22 Қазан 2024

Депутат Тұрлыхановтың ұлы колонияға жіберіледі

ч
Фото: nstagram/pro.pravo.kz, Telegram/qirsabyn
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат 1,5 жылға нақты режимдегі түзеу колониясына ауыстырылды.

Іс кеше, 21 қазанда Медеу аудандық No2 сотында қаралды. Бүгін, 22 қазанда сот Нұрасыл Болаттың қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды.

Болат Нұрасыл қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберілді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 11 ақпанында Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында заңгер ерлі-зайыптылар Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизонының Әскери соты депутаттың ұлына 1 миллион 720 мың теңге айыппұл салған. Сонымен қатар, жәбірленушілердің пайдасына 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметіне ақы төлеуге кеткен шығын 1,6 миллион теңге өндірілді. Жәбірленуші тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсіріп, оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

2024 жылдың 14 мамырында үкім бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, бірақ тамыз айының ортасында куәгерлер Нұрасыл Болаттың түнде көшеде емін-еркін жүргенін байқаған.

Ал, 2024 жылдың қазан айында әлеуметтік желіде Нұрасыл Болаттың мерекелік дастархан басында отырған видеосы пайда болды. БАҚ оның бас бостандығын шектеу режимін бұзғанын жазды. Осыдан кейін қылмыстық-атқару жүйесі оны бас бостандығынан айыруға ниетті екенін мәлімдеген.