Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:40

Қазақстанда екінші АЭС-ті Қытай салуы мүмкін

Аэс
Фото: zhasalash.kz

Үкімет атом энергетикасындағы қытай технологияларына жоғары баға беріп отыр.

Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын салу бойынша консорциумның жетекшісі ретінде таңдалуы мүмкін. Бұл туралы сенбі күні «Власть» басылымына берген сұхбатында Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

Сәйкес сұраққа жауап бере отырып, Сатқалиев таңдау «ең ықтимал» түрде қытайлық компанияның пайдасына жасалатынын айтты.

– Әрине, бұл да бәсекелі диалог аясында, белгілі бір әдістеме бойынша жүзеге асады. Бірақ жалпы алғанда, негізгі ұстанымдарға, жүргізілген келіссөздерге, біз жасаған сапарларға сүйене отырып, АЭС салуда көшбасшыларды іріктеуге басымдық беріп отырмыз, - деді ол.

Агенттік басшысы қазіргі әлемдегі мұндай көшбасшылар ретінде Ресейді және Қытайды атады.

Сатқалиев ҚХР-мен атом саласындағы ынтымақтастық жөнінде «жеке бас келісімге» қол қою жоспарланып отырғанын да атап өтті.

– Біз Қытай технологияларын Қазақстанда көргіміз келеді, мүмкін, бұл болашақтағы тағы бір АЭС құрылысына қатысты болмақ, - деді ол.

Оның айтуынша, бірнеше станцияның құрылысы қатар жүруі мүмкін.

– Біз Қытай тәжірибесін қабылдауға мүдделіміз, олардың жылдам әрі сапалы құрылыс жүргізу мүмкіндігін жақсы түсінеміз және бұл бағытта жұмысқа кірісіп те кеттік, - деді агенттік төрағасы.

Еске салайық, елдегі тұңғыш АЭС-тің бас мердігері ретінде «Росатом» таңдалды. Себебі, ресейлік компанияның ұсыныстары ең оңтайлы және тиімді болды.

Бұл іріктеуге "Росатомнан" бөлек Қытай, Франция және Оңтүүстік Корея компаниялары да қатысты. Енді Ресей есебінен мемлекеттік экспорттық қаржыландыруды тарту бойынша жұмыс басталды.

Тегтер: